A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Утепова Акниет Нургаликызы

Дата: 18.07.2019
Просмотры: 13 Печать страницы
Вопрос: Курметты Карасай районы село Шымалган ауылынын акымы.Мен Шымалган ауылы Суырлы кошесынде турамын,Бызде кешкысын дем алу мумкын емес.Жаз мезгылы сыртка отыргымыз келеды.Балалар ойнайды. Исы мумкын емес.Туалет канализацииянын иысы алем шыгады.Есык терезены жауып отырамыз.Бакылап осы районды карасаныздар АгроКеруен жактан бастап. Сол жактарга тогып кететын сякты Специальна канализации тартанын азыматтар.Быз жакта жол маселесы де киын болып тур.Жарты жолга диын жол акелгенсызбен 200метр жерды тастап кеткен ортан белден. Жанбырда лай су толп кетеды,Тан ертен садикке апару киын. Осыны карастырсаныз

Ответ: Саламатсызба, бүгінгі таңда Қарасай ауданы Шамалған ауылының кәріз жүйелерінің құрылысына тексеру актісі, дефектілік актісі және құрылыстың жиынтық сметалық есебі әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығы негізінде Алматы облысының энергетика басқармасына аталған нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге бюджеттік өтінім тапсырылды. Қаражат бөлінген жағдайда, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыстың жүргізілуіне кешенді жұмыстар атқарылатындығын хабарлайды.
Қарасай ауданының көптеген ішкі аудандық маңызы бар автомобиль жолдары әсіресе, ауылдарда орналасқан көшелер күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабы, 1 тармағына сәйкес, жолдарға жөндеу жұмыстары жобалау сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) бойынша жүзеге асырылады. ЖСҚ дайындауға бюджеттен қаражат бөлінуіне тапсырыс жолданған. Жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінген жағдайда, аталған өтініш ескерілетін болады.