A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Тулегенова Саягуль

Дата: 15.12.2018
Просмотры: 96 Печать страницы
Вопрос: Сəлеметсізбе!Мен сізге жазып отырған себебім. Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылындағы мектептің директоры Қасымова Нағимаға шара қолдануыңызды сұраймын. 4 жыл бұрын үй алып беремін деп 7000$ алған. Қазір мен алған жоқпын дейді. Дəлелдерім бар диск жазылған алдым. Осындай алаяқ директорды қалай ұстап отырсыздар.Сіздер шара қолданбасаңыздар. Мен президентке дейін жазамын. Алдында жазғанмын осы сайтқа жазғанмын. Жауап күтемін.

Ответ: Саламатсызба, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен хаттағы сұрақ жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейді. Себебі Жаңатұрмыс орта мектебінің директоры және Сіздің араңызда болған жағдайлар бойынша аудандағы құқық қорғау қызметі тергеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Осыған байланысты, аудандық ішкі істер басқармасына өтініш деректері негізінде жүгінуіңізді сұраймыз.
Қосымша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-14 баптарына сәйкес қабылданған шешімге Сіз шағым бере аласыз.