A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Рыскенова Айжан Асхатовна

Дата: 13.12.2018
Просмотры: 75 Печать страницы
Вопрос: Салеметсізба Каскелен қаласынын әкімі. Біз отбасылық себептерге байланысты осы жылдың 2тоқсанында Павлодар қаласының 25мектебінен ауысып Алтын ауыл мектебіне келдік. Оқулықтарымызды алдық ,ал жұмыс дәптерлеріміз берілмейді,өздерін сатып алыңдар деді мұғаліміміз. Егер бүкіл ҚР мектептерінде тегін берілуі керек болса неге осы мектепке бөлінбеген?

Ответ: Саламатсызба, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 03.05.2018 ж. №192 бұйрығы негізінде жаңартылған бағдарламалар бойынша, 2018-2019 оқу жылына 3, 6 және 8 сыныптарға оқулықтар алынды. Дәптерлер ағылшын тілі пәні және 3 сынып математика, орыс тілі пәндеріне тегін берілді.
Жұмыс дәптерлерін сатып алуға ата-аналар міндетті емес, егер оқушыға қажеттілік болса қарапайым қолданыстағы жазу дәптерлерге жұмыс жасауға рұқсат етілген.