A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Байдешова Меруерт Абдрахимкызы

Дата: 01.12.2018
Просмотры: 126 Печать страницы
Вопрос: Құрметті әкімшілік! Мен 4 баланың анасы, Көксай ауылының тұрғынымын. Жуырда 05.05.2005ж. туған ұлым үш жарым жыл бұрын Жапонияның Осака қаласына оқуға кетіп, бір апта бұрын елге қайтты. Көксай ауылының М. Мәметова атындағы мектепке орналастыру мақсатында барғанымызда орын жоқ деп мектеп директоры қабылдаудан бас тартты. Үйімізге жақын мектеп болғандықтан, және төртінші балам сегіз айлық болғандықтан және екінші ұлым осы мектепте бастауыш класта оқып бергендіктен, балаларымды осы мектепте оқуы қажет деп есептеймін. Сұрағым- мектеп орын жоқ деген сөзбен баланы мектепке қабылдамау-қаншалықты заңды? Директордың сөзіне сүйенсек, бұл мектепте бала саны толық, орын жоқ. Сондықтан қабылдай алмаймын дейді. Басқа мектеп бізге алыс. Олардың да бізді қабылдауы неғайбыл. Істің мән жайын ашып беріңізші сұраймын. Құрметпен, Анасы Меруерт

Ответ: Саламатсызба, М. Маметова атындағы орта мектектебінің әкімшілігіне 2005 жылғы туылған Кадри Хусаинды 8 орыс сыныбына ағымдағы жылдың 06 желтоқсан күні № 319 бұйрығы негізінде қабылданды. Осыған байланысты аудан әкімінің жеке блогына келіп түскен өтінішіңіз орындалғанын хабарлаймыз.