A - Размер шрифта A +

Вопросы и ответы

Шынболатова Эльмира Муратовна

Дата: 20.09.2019
Просмотры: 3 Печать страницы
Вопрос: Құрметті әкім мырза. Мен сізге Батан ауылының тұрғындары атынан хабарласып отырмын. Бізді қиын жағдайға қалдырып отырған мәселелердң бірі номері 324-ші Батан-Алтынорда бағытында қатынайтын қоғам көлігінің дұрыс жүрмеуі. Кішігірім автобуста 6-10 орындықтан қойып жолаушыларды қыстың аязында, жаздың ыстығында малша таситын жұргізушілердің дөрекілігі былай тұрғанда, соңғы бірнеше айда көлік арасы 45-50 минутқа созылатын жағдайлар орын алуда. Бұл жағдай әсіресе оқушы, балалы, жүкті,және егде жастағы жолаушыларды титықтатып бітті. Ал олар сол жолаушылардың негізгі бөлігі ғой. Осыдан екі жыл бұрын арасы 20 минутта жүретін көлік бүгіндері 40-50 минутсыз келмейді. Ал бағыттың екі аяғында да күту аялдамалары қарастырылмаған. Шақырайған күн мен қар, жаңбырдың астында күтіп тұруға мәжбүрміз. Біздің жан айқайымызды қараусыз қалдырмаңыз. Өтінеміз. Бағыт жолында жолаушылар үшін күту аялдамалары салынып, автобустар жаңартылып, жағдайы дұрысталсын, ара қашықтығы 10-20 минуттан аспайтын көліктермен қамтамасыз етуіңізді сұраймыз. Жауап және іс-әрекетіңізді күтеміз.

Ответ: Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 8, 14 бабтарына сәйкес, қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу шақырымға дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау және республикалық маңызы бар қалаларда-қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын, қозғалыс кестелерiн бекiтедi және оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi. Алматы қаласы және Алматы қаласынан 50-шақырымға дейінгі елді мекендерінің тұрғындарына қоғамдық көлік тасымалдау қызметін көрсететін мекемелердің жүру кестесін, қоғамдық көлік санын және бағытын ұйымдастыру Алматы қаласының қалалық мобильді басқармасының құзырында. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, республика алаңы 4. Телефоны 8 (727) 2716547.
Осыған орай, аталған мәселеге байланысты құзырлы мекемеге аудан әкімдігімен хат жолданып, қазіргі уақытта қаралу үстінде.
Сонымен қатар Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы бекіткен «Жолаушылар мен багажды тасымалдау туралы» ережесіне сәйкес, ауданішілік жолаушылар мен багажды тасымалдау конкурсын ұйымдастыруды ағымдағы жылдың қараша айына жоспарлап отыр.
Аталған конкурс ұйымдастырылғанда Сіздің арызыңыз ескерілетін болады.
Аудан басшылығымен аялдама құрылысына бюджеттік сұраныс беру мақсатында, ауылдық округ әкімдеріне аялдамалардың орналасқан жер телімдерінің құжаттарын рәсімдеу бойынша тапсырма берілді.